Donald Trump speech Brendan Smialowski/Getty Images

АҚШ Республикашылдарын фискалдық шындықпен тексеру

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ президенті Дональд Трамптың алғашқы ірі заңнамалық мақсаты 2010 жылғы Қолжетімді күтім Заңының («Obamacare») «күшін жою және оны ауыстыру» болған. Ал бұл бастама Трамп және Конгрестегі республикашылдардың денсаулық сақтау реформасының күрделілігін түсінбеуінен сәтсіз болды. Олардың кемшіліктері болса да танымал заңды жалған бір реформамен ауыстыру 24 миллионнан астам америкалық тұрғындарды негізгі денсаулық сақтау қызметтерінен айырып, басынан бастап сәтсіз іс болатыны белгілі болған, ал ол іске асқан сәтте де, 2018 жылы орын алатын Конгрестің орта мерзімді сайлауында республикашылдар жойқын жеңіліске ұшырар еді.

Енді, Трамп және Конгрестегі республикашылдар салық реформасымен айналысып жатыр, олар корпоративтік салықтардан бастап және одан кейін жеке табыс салығына көшпек. Олар бұл істі оңай деп қарағанмен, шын мәнінде олай болмайды. Себептердің ішінде, республикашылдардың бастапқы ұсыныстары бюджет тапшылығын триллиондаған долларға көбейту мүмкіндігі бар және осы реформадан түскен пайданың 99 пайызын ең жоғарғы табысы бар 1% адам ғана көре алады.

АҚШ өкілдер палатасының республикашылдары ұсынған корпоративтік салық мөлшерін 35% -дан 15% -ға дейін  азайтып, шекаралық реттеу салығы (BAT) арқылы жоғалған түсімді толықтыру жоспары басынан өлі болды. Бұл BAT идеясы тіпті республикашылдар арасында жеткілікті қолдауға ие болмады, және ол Дүниежүзілік сауда ұйымы ережелерін бұзады. Республикашылдар ұсынған салық қысқартуы алдағы онжылдықта 2 трлн доллар құрайтын кірісті жоғалтуға апарады, және олар денсаулық сақтау реформасында үнемдеу арқылы немесе BAT арқылы күтілетін 1,2 трлн  доллар арқылы бұл тапшылықты жаба алмайды.

https://prosyn.org/DQtckYwkk